Білім үздігі – 2019

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Білім үздігі – 2019

Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай, Ақтау қаласында бүгін Маңғыстау облысы әкімі С.Трұмовтың қатысуымен меркелік шара өтті. Мерекелік шарада облыс педагогтері қызметінің беделін арттыру, үздік мұғалімдер мен білім беру ұйымдарын көпшілікке насихаттау, сала мамандарының жеке және кәсіби сапасын көтермелеу мақсатымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Білім үздігі-2019» облыс әкімінің премиясы «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан педагогтер мен білім беру ұйымдарына тапсырылды.
Салтанатты шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Э.І.Қалиева және институттың ардагер ұстаздары қатысты.
Еліміздің келешегін кемел етер – жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беріп отырған қадірлі ұстаздарды мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз! «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі» – деп, ақиық ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, құрметті ұстаздар, әрқашанда мәртебелеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болып, төрде жүре берулеріңізге тілектеспіз!