Қуанышты күн

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Қуанышты күн

Бүгін біздер үшін, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы шеңберінде біліктілік арттырып жатқан курс тыңдаушылары үшін, қуанышты күн болды. Әріптесіміз Замира Алдабергенова «Дарынды балалармен жұмыс» номинациясы бойынша «Білім үздігі – 2019» облыс әкімі премиясының жүлделі ІІ орынына ие болып, «Щучинск» демалыс орнына жолдама алды. Курста да өзінің теориялық білімімен, кәсіби біліктілігімен, тәжірибелік шеберлігімен танылған әріптесімізге Жомарт Оразов, Раушан Абилова, Рысгүл Байекеева жыр шумақтарымен арнады. Жаңалыққа жаны жақын Замираға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер әр істе серік болсын дейміз.

Ш.ДАУЛЕТОВА,
курс тыңдаушысы