Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» – деп, Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай, «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға ардагер ұстаздар, Маңғыстау облысының білім басқармасының қызметкері Ж.Сармурзина және институт қызметкерлері қатысты. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы қол жеткізген табыстары мен ерен еңбектері үшін институт мамандары ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның, Маңғыстау облысының білім басқармасының және Облыстық кәсіподақ ұйымының марапаттарына ие болды.
Мерекелік шара аясында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Ж.Нығметтің жетекшілігімен өтіп жатқан қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курс тыңдаушылары институт ұжымын мұғалімдердің төл мерекесімен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған