Тыңдаушы пікірі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Тыңдаушы пікірі

Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренерлері үздіксіз білім беріп, білімдегі жаңалықтарды айшықтап беруде бар күш-жігерлерін салуда. Біздің білімге деген ықыласымызды оятып, қазіргі таңда blended – learning форматындағы курста жетекшілік етіп жүрген тьюторымыз Жұмабаева Ақбілек Қошқарбайқызына алғысымыз шексіз. Көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттеріміз көп. Курс барысында біздің педагогикалық біліміміз тереңдей түсті.
Blended – learning форматындағы курс біз үшін өте тиімді. Себебі, жұмысымыздан қол үзбей, қашықтықтан оқып, білімімізді өз бетімізбен шыңдап жатырмыз. Осындай курстар көптеп ұйымдастырылса, мұның ауыл мұғалімдері үшін пайдасы көп болар еді.
Сөз соңында төл мерекеміз қарсаңында әріптестерімді құттықтап, мол шығармашылық ізденіс пен толағай табыс тілеймін. Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Ұлбосын МАХАМБЕТОВА,
№14 «Айгөлек» балабақшасының әдіскері,
Ақтау қаласы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған