Әбіш әлемін зерттеу бағдары

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Әбіш әлемін зерттеу бағдары

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да әбіштанушы ғалым Жанбибі Дүйсенбаевамен «Кемел елдің кемеңгер қаламгері» тақырыбымен кездесу өтті. Кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім мазмұнын жаңарту курсының тыңдаушылары қатысты. Бұл кездесу заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейжасына орай ұйымдастырылды.
Кездесуді курс тренері Жәмиға Нығмет ашты. Курс тыңдаушысы О.Күмісбай ғалым Жанбибі Сенбайқызының еңбек жолымен, ғылыми еңбектерімен таныстырды.
Жанбибі Сенбайқызы жазушы шығармаларының маңызына, тарихи тұлғалар болмысының кейіпкерлер арқылы көріну ерекшеліктеріне, жер-су атауларына терең мағлұмат беруімен қоса, ізденіс, зерттеу кезеңінің қиындықтарына тоқталды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде ескерілер талаптарға баса назар аударды. Оның әрбір айтқан сөздері бізге ерекше әсер қалдырды. Курс тыңдаушылары Әбіш шығармаларын зерттеу, ғалымның алға қойған жоспары туралы сұрақтар қойып, оларға жан-жақты, толық жауап алды.
Курс тыңдаушысы, Маңғыстау аудандық жастар орталығы ұйымдастырған «Әбіш әлеміне саяхат» тақырыбындағы жас ақындар мүшайрасының І орын жеңімпазы А.Шопанова Әбішке арнаған өз өлеңін және Жанбибі Сенбайқызына арнаған жыр жолдарын оқып берді.
Әріптестеріміз бүгінгі кездесуден тағылымды әңгіме, ойға түйер мағлұматтар алды.

Айнагүл Утесинова,
курс тыңдаушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған