«Blended learning» форматындағы курстардағы жаңа онлайн сервис

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

«Blended learning» форматындағы курстардағы жаңа онлайн сервис

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты аралас оқыту тәртібіндегі («Blended learning») біліктілік арттыру курсы тыңдаушыларын оқыту кезінде курс тьюторы А.Жұмабаева MENTIMETER жаңа онлайн сервисін пайдаланады. Ол нақты уақыт режимінде облыстың алыс елді мекендері педагогтерімен байланыс жасап, кеңес беруді, дереу кері байланыс алуды, сұрақ-жауап және викторина әдістерін жүзеге асырады. Тыңдаушылар өздерінің ұялы телефонындағы осы онлайн ресурсі арқылы кері байланыс процесіне қатысады.
Бұл әмбебап, тиімді құрал уақытты үнемдейді және материалды бейнелі түрде іске асыруға мүмкіндік береді.
MENTIMETER онлайн ресурсын мектеп педагогтеріне де қалыптастырушы бағалау үшін пайдалануларына болады. Оқушылар ұялы телефоны арқылы мұғалім тапсырмаларын орындайды. Мұғалім бұл тапсырмаларды сабақта үй жұмысын тексеру, негізгі білімді беру, жаңа материалды түсінуді алғашқы тексеру барысында, сабақтың ортасында проблемалық жерлерді түсіндіру, сабақтың соңында рефлексия кезеңінде бере алады. Балалар сыныптастары үшін зерттелген тақырыптар бойынша сауалнамалар жасай алады. Және, әрине, осындай тапсырмаларды орындау сыныпта қуаныш пен бақыт атмосферасын тудырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған