Әріптесіміз республикалық әдістемелік семинарға қатысуда

📍
Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасында тілдерді
дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгін «Мемлекеттік тілді оқыту
әдістемесі: оқу-әдістемелік кешен және цифрлық оқыту мүмкіндіктерін
пайдалану» атты республикалық әдістемелік семинар өткізуде.
📍 Семинарға еліміздің барлық облыстарынан тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, тілдерді
оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлері, оқытушылары, қазақ
тілін оқыту бойынша оқу-әдістемелік еңбектердің авторлары шақырылды.
📍 Республикалық семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Гүлдариға Мамутова қатысуда.
