Британдық кеңес жобасының жылдық қорытындысы

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Британдық кеңес жобасының жылдық қорытындысы

✅ 14 қараша күні «Теңізшевройл» ЖШС, «British Council» (Британдық кеңес) ұйымы Лестер университетімен серіктестікте ұйымдастырылған екі жылдық жоба бойынша «Ағылшын және STEM оқытушыларының әлеуетін арттыру» бағдарламасы негізіндегі каскадты оқытудың алғашқы жылының қорытындысы ретінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ базасында практикалық сабақтар өткізілді.
✅ Жобаға қатысушы тренерлер «British Council» (Британдық кеңес) ұйымы мамандарының алдында есеп берді. Бақылаушы-кеңесші ретінде Никола Хокли Джин ханым және Марк Уиндейл мырза ағылшын және STEM сабақтарына қатысып, жасалған жұмыстарға баға берді.
✅ Институт тренері Ы.Шахимова сабақ жоспарлаудың 5Е моделін көрсетіп, А.Джубаева «Parts of the body» тақырыбында оқушыларға сабақ өткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған