Ағылшын және жаратылыстану пәндерінің (Stem) білім фестивалі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Ағылшын және жаратылыстану пәндерінің (Stem) білім фестивалі

Бүгін, 16 қараша күні Mаңғыстау облысының білім басқармасы мен Британ кеңесінің қолдауымен облысымыздың педагогтерінің кәсіби деңгейін дамыту мақсатында өтіп жатырған жобаның бірінші жылын қорытындылау үшін ағылшын және жаратылыстану пәндерінің (STEM) білім фестивалі болып өтті.
Атаулы шараға облыс педагогтері мен «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренерлері қатысты.
Фестивальдің бірінші бөлімінде педагогтердің жоба бойынша атқарған жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әріптестеріміз Р.Нұрова мен Ы.Шахимова қатысты.
Шараның келесі бөлімі жобаға қатысушылардың презентациясымен жалғасты. Фестиваль аясында үздік фото түсірілімге конкурс ұйымдастырылып, лотерея ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған