Әл-Фараби және қазіргі заман

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Әл-Фараби және қазіргі заман

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай бүгін «Әл-Фараби және қазіргі заман» тақырыбында Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық форум өтті.
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі базасында өткен форумға ардагер ұстаздар, «Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау облысындағы филиалы, Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардан өкілдер, облыс педагогтері және оқушылар қатысты.
Форумның ресми бөлімінде Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері жөнінде Облыстық білім басқармасының басшысы А.Сейдалиев, ардагер ұстаз Ордалы Қосай, Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Б.Айманов, Мұнайлы ауданының №3 орта мектебінің география пәні мұғалімі Қ.Байназаров, Білім инновация лицейінің химия пәні мұғалімі, Лондонда өткен халықаралық жарыста 100-ден аса мемлекеттен келген мұғалімдер арасынан үздік шыққан жас педагог Ж.Телеуханов мол мағлұмат берді.
Форумның екінші бөлімінде Ақтау қаласының №21 орта мектебінің мұғалімі Ж.Мұрсалы мен №2 орта мектеп мұғалімі Серік Омаров арнау өлеңдерін оқып, №13 мектеп-гимназиясының оқушылары, «Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелері ұлы Абайдың қарасөздерін оқыды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған