Мерекелік кеш өтті

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мерекелік кеш өтті

Ерке көктемді ерте келетін шуақты мереке – 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамы қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» тақырыбында өтіп жатқан мемлекеттік білім сатысы оқуы тыңдаушыларының ұйымдастыруымен «Аяулы ана» атты мерекелік шара өтті.
⚜️ Әсерлі кеште сөз алған курс жетекшісі Ардақ Сисенова мерекенің шығу тарихы жөнінде айта келе әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы орнының ерекшелігіне тоқталды, курсқа қатысып отырған қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. 💐
Бұдан соң, әсем ән мен сезім қылын шертетін жыр шумақтарына кезек берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған