ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ- 2020

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ- 2020

📖«Өрлеу» БАҰО» АҚ бастамасымен жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің республикалық конкурсы биыл да жалғасады.
🔴Конкурстың өту мерзімі 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айларын қамтиды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім берудің барлық деңгейіндегі педагогтер үшін өткізілетін конкурстың өңірлік кезеңінің басталғандығын хабарлай отырып, облысымыздың барша ұстаздарын дүбірлі додаға қатысуға шақырады.
📹Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің конкурсы – педагогтер үшін озат педагогикалық идеяларын ұсыну мен таратудың үлкен мүмкіндігі.
Құрметті әріптестер, сіздерді конкурсқа қатысып, озық идеяларыңызды ұсынып, білім-біліктеріңізді дәлелдеп, абырой биігінен көрінуге шақырамыз!
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2020» конкурсының ережесімен http://orleumo.kz/?page_id=3175 сілтемесі арқылы таныса аласыздар.
✊Іске сәт!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған