Әріптесіміз халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Әріптесіміз халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті және Ш.Есенов атындағы КМТИУ көпсалалы колледжі «Білім беру қызметінің тиімділігін арттырудың инновациялық әдістері, құралдары мен тәсілдері» тақырыбында оқытушылар арасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
🔵 Конференцияның кеңейтілген отырысында модератор Д.М.Татанова қатысушыларға АҚШ, Сиэтл қаласынан келген қайырымдылық қорының маманы Хомер Эбигейлді таныстырып, сөз кезегін берді. Э.Хомер «Educational system in America» тақырыбында өз баяндамасын оқып, АҚШ-тағы және біздің елдегі білім беру жүйесінде кездесетін проблемаларға тоқталып өтті. Бұдан кейін сөз алған Варна менеджмент университетінің профессоры Н.П.Буюклиев қатысушыларға «Креативное образование – новый взгляд на будущее» тақырыбындағы өзінің кең ауқымды баяндамасын ұсынды. Кеңейтілген отырысты Ш.Есенов ат.КМТИУ көпсалалы колледжінің оқытушысы Ж.Смагулова «Жаңа инновация негізі – сапалы білім» тақырыбындағы баяндамасымен аяқтады.
✅ Конференция бұдан кейін өз жұмысын 2 секция бойынша жалғастырды:
📌 Педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамыту жолындағы нәтижеге бағытталған кәсіби құзыреттілігі;
📌 Инклюзивті білім беруде инновациялық технологияны қолдану.
🔴 І секцияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы, педагогика ғылымдары магистрі, жаңартылған бағдарлама бойынша тренер Г.А.Джаналиева төрағалық етіп, 27 қатысушының баяндамасын сарапқа салды.
🔰 Конференция қорытындысында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Әріптесіміз Гүлмира Джаналиеваға Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті, Ш.Есенов атындағы КМТИУ көпсалалы колледжінің Алғысы берілді👍. Гүлмира Әнуарбекқызының еңбегінің табысты болып, жетістіктерге жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған