Курста алған тәжірибесі бойынша кеш өткізді

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Курста алған тәжірибесі бойынша кеш өткізді

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тренері А.Караева Ақтау қаласының №10 орта мектебінде өткен мерекелік шараға қатысты.
🔰 Институтта өткен сынып жетекшілеріне арналған курсқа қатысқан Анар Хайтбаева курста алған тәжірибесі бойынша өзі жетекшілік ететін 7-сыныпта ата-аналармен бірге керемет кеш өткізді.
✅ Шара барысында ата-аналар арасында тренинг жүргізіліп, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Әр оқушы ата-аналарына жүрекжарды тілектерін білдірді.❤️ Бұл ата-ананың балаға, баланың ата-анасына деген мейірімі мен махаббатына жол ашты.
🔵 Кеш соңында сынып жетекшілеріне арналған курстың тренері А.Караева кері байланыс жасап, өз тәжірибесімен бөлісіп, шығармашылық белсенділік танытқаны үшін Анар Хайтбаеваға институттың Алғысын табыстады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған