Педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану

«Өрлеу» БАҰО» АҚ 2020 жылға арналған оперативті жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасында көптілді білім беру және білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы аясында «Жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану» атты тренинг өткізілді.
✅ Тыңдаушылар тренинг барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен танысып, өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы ұйымдастырудың жолдарын үйренді.
🔰 Тренинг барысында мұғалімдер оқушылардың сөздік қорын тақырып аясында меңгерілетін сөздермен және фразеологиялық тіркестермен толықтырып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытатын, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп, рухани құндылықтарды бағалауға баулитын түрлі тапсырмалар әзірлеудің қыр-сырын меңгеріп, шығармашылықтарын шыңдады.
🔴 Курс жетекшісі – Гүлдариға Мамутова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған