«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2020» туралы не білеміз?

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2020» туралы не білеміз?

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

Бұл – «Өрлеу» Біліктілік арттыру Ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін республикалық байқау.

🔴 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

Бұл – еліміздегі педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзіреттілігін арттыруға арналған республикалық байқау.

🔴 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

Бұл – педагогтердің үздік іс-тәжірибесін, педагогикалық нәтижелілікке жетудегі тиімді деген жеке технологиялар мен әдістерді, тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерінің озық үлгілерін жарнамалауға арналған байқау.

🔴 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

Бұл – педагогтердің үздік іс-тәжірибесін бірыңғай ақпараттық білім кеңістігінде жинақтау, таратуға арналған республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістердің байқауы.

🔴 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

Бұл – республика педагогикалық қызметкерлерінің белгілі идеяны республика жұртшылығының талдауына, сол арқылы тиімділікті одан әрі арттыруға негізделген сандық білім беру ресурстарының байқауы.

🔴 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

Бұл – педагогті аттестаттау талаптарына сәйкес облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде таратуға арналған байқау.

🔴 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

Бұл – педагогикалық қызмет саласын толық қамту мақсатында 22 санат бойынша (әр пән мұғалімі тек қана өз пәні мұғалімімен ғана күш сынаса алады) жүргізілетін жалғыз байқау.

🔴 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

Бұл – мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары педагогтерінің басын біріктіретін байқау болып табылады.

📌 Байқауға қатысып бағын сынағысы келген педагог:
– бір педагогикалық өзекті идеяға негізделген,
– практикалық бағытталған,
– әдістемелік жағынан құнды,
– оқу бағдарламаларының аясындағы, оқыту сапасы анық көрініс табатын,
– бейне материалдың көрнекілік, дауыспен сүйемелдеу сапасы жоғары;
– педагогтің жеке қасиеттерін толық көрсететін бейне материал дайындайды;
– бейнематериалды дәріс, сабақ, практикалық, лабораториялық жұмыс, семинар, шеберлік сыныбы түрлерінің бірінде жасақтайды;
– байқау бағыттарына сәйкестігін, ҚР Мемлекеттік білім стандарттарына сай болуын, арнайы пәндік терминология мен белгілердің дұрыс берілуін, аудио және видео контенттің тысқары өндірушілерінің құқықтарын сақтай отырып, 15 минуттан аспайтын бейне материал дайындайды.

✅ Байқауға арналған материалдарды дайындауға қатысты туындаған барлық сұрақтарға жауап беруге «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренер-мамандары дайын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған