Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер!
🌹 Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
✅ Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады.
🌹 Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
🌹 «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Бәле-жала жерге енсін! Қыдыр қияласын, періште ұяласын!» деп, бабаларымыздан келе жатқан киелі тілекті баршаңызға арнаймыз!

Игі тілекпен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған