Курсқа қатысушылардың басым бөлігі – ауыл педагогтері

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Курсқа қатысушылардың басым бөлігі – ауыл педагогтері

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен қашықтан оқыту форматында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін жоспарлау» тақырыбында курс басталды.
🔵 Курсқа қатысушылардың басым көпшілігі – облысымыздың шалғай ауылдарының педагогтері. Тыңдаушылар қашықтан оқыту жүйесіндегі курстың өздері үшін тиімді екенін айтып, мұғалімдерге осындай үлкен мүмкіндік жасап отырған біліктілік арттыру институтына ризашылықтарын білдіруде.
✅ Курс бағдарламасына сәйкес бүгін «Нормативтік құқықтық актілермен бекітілген жалпы орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидалары» тақырыбында дәріс және «Оқытудың белсенді әдістерін қолдану барысындағы сабақты ұйымдастырудың әдістемелік, педагогикалық-психологиялық бағыттары» тақырыбында тренинг жүргізілді.
🔷 Сонымен қатар, тыңдаушылар оффлайн түрде өзіндік жұмыстарын орындап, WhatsApp әлеуметтік желісі және электронды пошта арқылы тренерге жіберіп, бұл жұмыстардың нәтижесі кері байланыс кезінде талқыланып, тренер тарапынан әдістемелік көмек берілді.