Жаңа үлгідегі жүйелі жұмыс

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Жаңа үлгідегі жүйелі жұмыс

Қашықтықтан оқыту жүйесі барлық Қазақстан мұғалімдеріне жаңғыру әкелгені анық. Оқытудың бұл форматында мұғалім де, оқушы да дами түсті десек артық болмайды. Бұл Жеті модульдің бірі болып табылатын «Оқу мен оқытудағы АКТ-ны пайдаланудың» нағыз қайнаған уақыты болды. Еліміздің мұғалімдері сол қайнауда шынығып, қашықтықтан білім көзін жеткізу жолдарын іздестіріп, ақпараттық сауатталығын шыңдауда, жаңа үлгідегі жүйелі жұмыстың арқасында тәжірибе жинақтауда.
🔰 Қашықтықтан оқыту жүйесінің материалдарын даярлау кезіндегі көзім жеткен нәрсе – ол сыныптағы бетпе-бет оқытудан әлдеқайда күрделі дүние екендігі. Себебі ол да үлкен дайындықты, жауапкершілікті, қыруар уақытты қажет етеді.
✅ Оқытудың бұл форматына көшкен соң, жаңа компьютерлік технологияларды игеріп, ақпараттық сауаттылықты күшейтуге тура келді. Қашықтан оқыту барысында білім алушыға жаңа материалды зерттеуге бағдар берудің ең тиімді тәсілі – бейнесабақтар жасақтау керек деп шештім. Бұл оңай жұмыс емес. Бірақ қиындықтарға қарамастан мен осы істі қолға алдым. Ең бастысы – оқушыларыма ұнайды. Олар «Мұғалім, рахмет сізге, сабақтарыңыз өте түсінікті, қызықты болды» – деп, кері байланыс жасап, келесі сабақтарды жасақтауға күш-жігер беріп жатады.
⚜️ Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту жүйесі кезіндегі тағы бір бөліскім келетін дүнием – ол тәжірибемен алмасу процесі. Жалпы республикамызда YouTube желісі қолжетімді болған соң, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әріптестерім де менің бейнесабақтарымды белсенді түрде қолданып жатыр. Мәселен, 10-сыныптың КТЖ-ғы «Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы» тақырыбы бойынша жасақталған бейнесабағым – YouTube желісінде 6000-ға жуық қаралымға ие болған. Бұл мен үшін үлкен жеңіс. Демек, қашықтан оқыту кезіндегі жасап жатқан еңбегім бекер емес деген сөз.

А.С.Сейниханова,
«№13 гимназиясының»
тарих пәні мұғалімі
Ақтау қаласы.