Педагог-психологтерге арналған курс

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Педагог-психологтерге арналған курс

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да институт тренері З.Айджанованың жетекшілігімен өтіп жатқан мектептердің педагог-психологтеріне арналған «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы бүгін қорытындыланды. Қашықтан оқыту форматында өткен курс жөніндегі тыңдаушылардың пікірін назарларыңызға ұсынамыз:

📌 Қамар Исмайлова:
Курс мазмұнды өтті. Курста ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы өте жақсы ашылды. Сондай-ақ, мектептегі зорлық-зомбылық мәселесін талдау кең ауқымда өрбіп, тыңдаушылар белсене қатысты. Бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мәселесі курста кең көлемде қамтылды.

📌 Раушан Абишева:
Сабақ барысындағы тəрбие жұмысын жоспарлау, оны іске асыруда ұлттық құндылыққа сүйену және оны өмірмен байланыстыру ұнады. Зорлық-зомбылық түрлерімен тікелей жұмыс жасаған əріптестердің пікірталасы дəрістің қызықты өтуіне көмектесті.
Мектептегі педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу тақырыбы да жақсы ашылды. Курс тренері Замира Айджановаға рахмет!»

📌 Мөлдір Битемірова:
Адам денсаулығына зиянды заттардың әсері, соны байқау мүмкіндіктері, сондай адамдармен қалай жұмыс жасауға болатыны жайында мол мағлұмат алдым. Психолог кабинетіне қойылатын талаптар туралы да біраз мәлімет берілді.
Бүгінгі сабақта өз жобаларымызды қорғау барысында атқарып жатқан жұмысымыз жайлы пікір алмастық. Әрқайсымыздың жобамызды тренер Замира Жанәділқызы қорытындылап отырды. Барлық әріптестеріме көп рахмет айтамын. Алдағы уақытта да өз тәжірибемізбен бөлісіп отырамыз деген ойдамын.

📌 Қарлығаш Сәрсенбаева:
Анаша қолданудың қауіптілігі жөніндегі білімім жаңа ақпараттармен толықты. Зиянды заттарды қолданудан балаларды қалай сақтандыру жолдары туралы толыққанды мәлімет алдық. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында жалпыұлттық құндылықтар туралы жобамен таныстық. Курс жоғары деңгейде өтті.

📌 Бибіазиза Көңілқосова:
Курс ұнады. Мектептегі психолог кабинеті туралы мәселе орынды қозғалды. Курс барысында оқушыларды психологиялық тұрғыда көтермелеп отыруға баса мән беру керектігін түсіндік. Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етудегі психологтің жауапкершілігін сезіндік.

📌 Күнсұлу Құлмағамбетова:
Жобаларымызды қорғау кезінде ақпараттарымызбен бөлісіп, керекті мағлұматтар алдым. Болашақта бір-бірімізбен тәжірибе алмасып отырсақ деймін. Керемет кері байланыс орнады, көп-көп рахмет. Барлығыңызға сәттілік тілеймін».