Педагог әліппесі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Педагог әліппесі

CREATE – жасау, табу.

✅ «Креативтілік қабілет – ақыл-ойдың өзегі және ойлау, сөйлеу мен импровизациялық қабілетінің қозғаушысы.
Бұл әр адамға табиғатынан тән шығармашылық бағыт, бірақ көпшілік бұны тәрбие, білім беру жүйесі және әлеуметтік тәжірибе әсерінен жоғалтады»
Абрахам Маслоу

⚜️ Мұғалім қоржынына жаттығулар:

🔴 «Ассоциациялар»
Тапсырма: Кез-келген сөзге ассоциациялардың максималды санын таңдаңыз.
✔ «Тіс: ақ, ауырсыну, тіс дәрігері, қорқыныш, күлімсіреу, даналық, тісжегі, тіс пастасы, …»

🔴 «Мұны басқаша жаса»
Тапсырма: жәй затқа әдеттегі емес қолданысты ойлап табу.
✔«Кофе – одан сусын жасайды. Егер көшет айналасындағы жерге кофе ерітіндісін шашатын болсаңыз, онда зиянкестер бұл жерден аулақ болады».

🔴 «Атын өзгерту»
Тапсырма: таныс үйреншікті затқа жаңа есімдер ойлап табу. Неғұрлым көп нұсқалар болса, соғұрлым жақсы.
✔ «Желпуіш – желпілдек, желдеткіш, жел жасаушы, салқындатқыш»