«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы: бейнесабақтар мен бейнедәрістер әзірлеудің ерекшеліктері

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы: бейнесабақтар мен бейнедәрістер әзірлеудің ерекшеліктері

Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы – педагогтер үшін озат педагогикалық идеяларын ұсыну мен таратудың үлкен мүмкіндігі.
🔷 «Өрлеу» БАҰО» АҚ бастамасымен дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген бұл конкурсқа қатысуға ниет білдіріп жатқан педагогтердің саны жылдан жылға артып келеді.
📌 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Гүлдариға Мамутованың ұйымдастыруымен бүгін «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы: бейнесабақтар мен бейнедәрістер әзірлеудің ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті.
✅ Вебинарда педагогтерге конкурс ережесі егжей-тегжейлі таныстырылып, бейнесабақтар мен бейнедәрістерді әзірлеуге қойылатын талаптар түсіндірілді.