Білім – барлығы үшін

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Білім – барлығы үшін

Инклюзивті білім берудің басты міндеттерінің бірі – ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу үшін педагогикалық кадрларды даярлау. Осы мақсатта «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсын қашықтан ұйымдастыруда.
🔵 Курсқа қатысушылар инклюзивті білім беру шеңберінде:
✅ Халықаралық нормативтік құқықтық актілер,
✅ Қазақстан Республикасының құжаттары
✅ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Нормативтік-құқықтық құжаттарымен танысты.
🔴 Курс барысында инклюзивті оқытудың негізгі принциптері талқыланды:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
⚜️ Жаңартылған білім мазмұны мен оқытудың әдістеріне, балалардың жеке білім алу қажеттіліктерін іске асыруға байланысты өзінің кәсіби ізденісін мектептегі инклюзия жағдайында білім беруге дайындау жұмыстарымен байланыстырып, тыңдаушылар өз сыныбындағы инклюзив оқушылар туралы ойларын ортаға салды. Сонымен бірге педагогтер психофизикалық, тілдік, әлеуметтік, медициналық, саяси және уақытша өмірлік қиындықтары бар балалардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы мәселені талқылады.
🔷 Курс жетекшісі – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Марал Сахарбаева.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған