Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін артырудағы маңызы

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін артырудағы маңызы

21 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Г.Мамутова «Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін артырудағы маңызы» тақырыбында онлайн-форум өткізді.

🔴 Курс тыңдаушылары форум барысында оқушылардың өз болмысын тануына көмектесу, қызығушылығын ояту, қабілетін ашу, дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы құзыреттілігін арттыру баланың рухани дамуына, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып, өз ойларымен бөлісті.

🔷 Бұл мәселенің бір пәннің шеңберінде шешілмейтіндігін айтқан мұғалімдер пәнаралық байланыстың маңызы және оның оқушы дүниетанымының дамуына ықпалы жөнінде пікір алмасты.