«Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

«Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Гүлнар Сәрсенғалиева бастауыш сынып мұғалімдеріне «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы» тақырыбында онлайн түрде вебинар өткізді.
🔷 Оқу үдерісінде «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегияларын қолданудың тиімді жолдары туралы тәжірибе алмасу мақсатында өткен вебинарда «Жеті модуль технологиясы» бойынша топтық жұмыстар орындалды. Сонымен бірге «Дүниетану» пәнінде оқушылармен тиімді жұмысты ұйымдастыру түрлері» тақырыбында тәжірибелік жұмыс жасалып, «Бастауыш мектептегі математика пәні бойынша бағдарламадағы ерекшеліктер» туралы презентациялар талқыланды.