Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау жолдары

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау жолдары

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы М.Сахарбаева «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау жолдары» тақырыбында облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн вебинар өткізді.
Вебинарда жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінуінің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің жетілуіне көмектесетіні туралы айтыла келе, оқушыларды осы пән бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау жолдары жөнінде кеңінен мағлұмат берілді.
🔰 Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесі жайттарды түсінуге мүмкіндік береді:
✅ қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын;
✅ өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін;
✅ жаратылыстану ғылымы бойынша білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын;
✅ пәнді оқу қоршаған ортаның түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.