Музыка пәні арқылы өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Музыка пәні арқылы өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру

29 маусым мен 8 шілде аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Музыка пәні арқылы өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру» тақырыбында жалпы ББ мектептердің музыка пәні мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсы өтті.
🔶 Музыка – өскелең ұрпаққа дүниені жан-жақты танып-білуге көмектеседі, баланың ойына азық беріп, кеңінен және әдеттен тыс ойлауға үйретеді, халықтың рухани мәдениетіне жақындастыра отырып, патриотизм сезімін тәрбиелеп, адамгершілік және азаматтық белсенділігін оятады. Сөйтіп, осының нәтижесінде қоғам үшін қажетті жеке адамның үйлесімді дамуына жәрдемдеседі.
🔺 Жалпыға бiрдей бiлiм беретiн мектептегi музыка пәнiнiң мұғалiмi – музыканы оқыту арқылы оқушы бойында музыка мәдениетiн, сонымен бірге оның дүниені танып-білуін қалыптастырушы маман.
🔰 Курста тыңдаушылар орта білім беру жүйесінің жаңа талаптарына сәйкес музыкалық білім берудің негізгі мазмұнын зерделеп, жас ұрпақты тәрбиелеудегі өздерінің жауапкершіліктерін сезіне отырып, музыка пәні мұғалімінің қалыптасқан құзыреттілігін анықтады.
✅ Жаңартылған білім беру мазмұнының барлық пәндерде, барлық салаларда заман талабына сай қажеттілік екенін терең түсінген тыңдаушылар курста өтілген барлық тақырыптарды үлкен қызығушылықпен тыңдап, практикалық жұмыстарды белсенді түрде орындады.