Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін бесінші сыныптан оқытудың мазмұны мен әдістемесі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін бесінші сыныптан оқытудың мазмұны мен әдістемесі

3 – 11 шілде аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін бесінші сыныптан оқытудың мазмұны мен әдістемесі» тақырыбында жалпы ББ мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсы өтуде.

✅ Мақсаты: Информатиканы оқытуда оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.