Ибн Сина

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Ибн Сина

Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина – батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі ғалым, пәлсапашы, астроном. Ибн Сина 456-ға жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды.

🔵 Оның медицина бойынша басты еңбегі – «Китабуль- Канун фит – тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі). Осы еңбегінде Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтынын айтты, 800 жыл өткеннен соң ғана француз ғалымы Пастер қоздырушы микроб туралы ғалымның бұл жұмбағын дәлелдеді.

🔷 «Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударды.

🔰 Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Назарларыңызға ұлы ғалымның денсаулыққа қатысты нақыл сөздерін ұсынамыз:

📌 Медицина – саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым.

📌 Үрей – дерттің жартысы,
Байсалдылық – денсаулықтың жартысы,
Сабыр – сауығудың басы.

📌 Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ.

📌 Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз — тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.

📌 Қимыл көптеген дәрінің орнын басуы мүмкін, бірақ бірде-бір дәрі қимылдың орнын баса алмайды.

📌 Медицинаның бір бөлігі — білім, екіншісі — амал, мұның екеуі де ғылым, біреуі медицинаның түп негізі болса, екіншісі — амал жасау ережелері.

📌 Үмітсіз науқастар жоқ. Тек үмітсіз дәрігерлер бар.

📌 Егер ұзақ өмір сүргің келсе, онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас балды үзбей жей бер.

📌 Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәрігерге пысқырып та қарамайсың.

✅ Баршаңыздың дендеріңізге саулық, дерттеріңізге шипа тілейміз!