2020 жылға жоспарланған біліктілік арттыру курстары бойынша жоспардың орындалысы қорытындыланды

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

2020 жылға жоспарланған біліктілік арттыру курстары бойынша жоспардың орындалысы қорытындыланды

🗓«Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ 2020 жылға арналған жоспары бойынша бірінші жартыжылдықта 492 тыңдаушыны қамтыған 21 мемлекеттік қысқа мерзімді курс өткізіліп, жоспар толығымен орындалды.

✅Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 54 курс өткізіліп, онда 1595 тыңдаушы біліктілігін арттырады деп жоспарланған болатын.

✅Аталған бағдарлама бойынша бірінші жартыжылдықта 150 тыңдаушыны қамтыған 5 курс өткізілді:

  • бастауыш сынып бойынша 3 курс өткізіліп, онда 93 тыңдаушы;
  • математика пәні бойынша 1 курс өткізіліп, онда 29 тыңдаушы;
  • көркем еңбек пәні бойынша 1 курс өткізіліп, онда 28 тыңдаушы біліктілігін арттырды.

    ▶️Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша жоспарланған 49 курс екінші жартыжылдықта өткізіліп, 1445 тыңдаушы өз біліктіліктерін арттырады деп жоспарлануда.