Тыңдаушы пікірі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Тыңдаушы пікірі

«Мен, Койланова Сәуле, Ақтау қаласы №27 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімімін. Жаңартылған білім мазмұны бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да біліктілігімді арттырдым. 4 жылдық үзілістен соң, жұмысқа келген мен үшін бұл біліктілік арттыру курсы жаңа тыныс болды.
📖Жаңартылған білім мазмұны курсын қашықтан оқу маған оңайға соқпады, алғашында ҚМЖ, дескриптор, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері, қалыптастырушы бағалау, әртүрлі әдіс-тәсіл атаулары мен үшін қиын бір терминдердей естілді. Алайда, уақыт өте келе бұл атаулар күнделікті өміріме енді.
✅Курс кураторы Гүлдариға Мамутованың білімі мен білігінен бөлек, сабырлы да сыпайы мінезіне, қарапайымдылығы мен адамгершілігіне бас имеске болмас. Ол күнделікті сабақты сондай дәлдікпен әрі өте сауатты жүргізіп отырды. Жаңартылған білім мазмұнының бүге-шүгесіне дейін, «тайға таңба басқандай» анықтап, жалықпай бір ай көлемінде егжей-тегжейлі түсіндіріп білімімізді жетілдірді. Қашықтан оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі. Ол кісіге күнделікті сабақты өткізудің оңай соқпағанына курс барысында куә болып, оның соншалықты қажырлы адам, мықты маман екеніне көзім жетті.
♦️Білгенімнен білмегенім көп маған курстағы әріптестерім де көп көмегін тигізді. Тәжірибелі ұстаздар Гүлбаршын Абиханова, Алмагүл Тұрсыналиева, Раушан Ақшауова, Рысгүл Дүйсенбаева, Венера Созақбаева ақыл-кеңестерін айтып, әдіс-тәсілдерді оңай меңгеруіме септігін тигізді».