Өрлеу білім беру арнасы сіздер үшін, құрметті педагогтер!

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Өрлеу білім беру арнасы сіздер үшін, құрметті педагогтер!

Құрметті педагогтер!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының сіздерге әрдайым әдістемелік қолдау көрсетуге дайын екендігін тағы да естеріңізге сала отырып, сіздерді YOUTUBE ӨРЛЕУ БІЛІМ БЕРУ АРНАСЫНА жазылуға шақырамыз.

Өрлеу білім беру арнасынан Сіздер жаңа оқу жылында орта білім берудің барлық пәндері бойынша республика педагогтерінің оқу процесінде пайдалануы үшін дайындалған 5000-НАН АСТАМ БЕЙНЕСАБАҚТАРМЕН танысып, оларды өз сабақтарыңызда қолдана аласыздар.

Барлық интернет қолданушыларына еркін қолжетімді бұл ресурстар мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де оқу мақсаттарына қол жеткізуде үлкен көмек болары сөзсіз.

Бүгінде еліміздің 145 мыңнан астам педагогі YouTube Өрлеу білім беру арнасына жазылып, осы бейнесабақтарды оқу үдерісінде пайдалануда.

Ендеше Сіздер де YouTube білім беру арнасына қосылып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының мамандары мен еліміздің озат тәжірибелі ұстаздарының дайындаған сандық білім беру ресурстарына қол жеткізіңіздер!
«Өрлеумен» бірге бір қадам алда болыңыз!

Білім беру арнасына төмендегі сілтеме арқылы кіре аласыздар:
https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g