Өрлеу білім беру арнасы сіздер үшін, құрметті педагогтер!

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Өрлеу білім беру арнасы сіздер үшін, құрметті педагогтер!

🔰Бүгінде мектеп мұғалімдеріне қашықтан оқыту жағдайында таптырмас көмек болып отырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Youtube-тегі «ӨРЛЕУ» білім беру арнасындағы бейнесабақтарды дайындауға еліміздің көптеген озат тәжірибелі мұғалімдері белсене атсалысты.

👩🏻‍🏫Солардың бірі Мұнайлы ауданының №6 орта мектебінің география пәні мұғалімі Альфия Аманқосқызы Мадиеваның пікірін назарларыңызға ұсына отырып, институт мамандарымен бірлікте бейнесабақтарды дайындаған облысымыздың барша ұстаздарына алғысымызды білдіреміз!

📣Құрметті педагогтер!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Youtube-тегі «ӨРЛЕУ» БІЛІМ БЕРУ АРНАСЫНАН орта білім берудің барлық пәндері бойынша республика педагогтерінің оқу процесінде пайдалануы үшін дайындалған 5000-нан астам бейнесабақтармен таныса аласыздар.

↪️Білім беру арнасына төмендегі сілтеме арқылы кірулеріңізге болады:
https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g