Бейнеулік ұстаздар біліктіліктерін арттыруда

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Бейнеулік ұстаздар біліктіліктерін арттыруда

⚜️ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде тамыз айының 24-і мен қыркүйек айының 11-і аралығында қашықтан оқыту форматында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсын өткізуде.
🔷 Институт тренері Г.Ж.Сәрсенғалиева Бейнеу ауданы мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша педагогикалық шеберліктерін жетілдіруде.
☑️ Курсқа Бейнеу ауданының шалғай елді мекендерінде орналасқан мектептерінің мұғалімдері көптеп қатысуда. Тыңдаушылар қашықтан оқыту форматындағы курстың тиімділігін айтып, оң пікірлерін білдіруде.