Тыңдаушы пікірі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Тыңдаушы пікірі

Оқушыларды қалай тиімді оқытамыз?
Қандай әдіс-тәсілдер ұтымды болады?
Білім сапасын қалай арттырамыз?

🔵 Көкейімізде сұрақ көп. Жауабын табуға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қашықтан оқыту форматында өтіп жатқан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы көп септігін тигізуде.

☑️ Курстың әрбір күні жаңа ақпараттардың маңыздылығымен ерекшеленуде. Бүгінгі сабақта сессиялық залдарға бөлініп, топтасып, жұптасып тәжірибе жасадық. Оның тиімдісі – SWOT талдама. Бұдан шығатын түйін: оқушыға берілетін тапсырмалардың тиімді жағын қолданысқа енгізе алатын боламыз, мүмкіндіктерді ескереміз, әлсіз жақтарын жақсартып, өзгерте аламыз. Қауіп тудыратындай болса, басқа әдісті таңдауымыз қажеттігін жете түсіндік. Осы талдама арқылы, әдістің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе аламыз.

🔴 Сондай-ақ сұрақтар қоюда мұғалім неғұрлым оқушының шығармашылығын не болмаса өзге де қабілет-қарымын ашуға ықпал ететін, мүмкіндік беретін ашық сұрақтарды қоя білуді дағдыға айналдыруы керек. Бүгінгі сабақтан алған әсерім айтарлықтай зор, тартымды болған сайын қызығушылық артуда. Сапалы сабақтың куәгері болуыма тренеріміз Гүлдариға Мамутованың шеберлігі ықпал етті.

♦️ Екі-үш күннің ішінде курс барысында біраз білім жинадық. Алда үйренеріміз көп.

Тілектес КӨШЕРБАЙ,
Ақшұқыр мектеп-гимназиясының мұғалімі,
Түпқараған ауданы