Ата-ана пікірі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Ата-ана пікірі

🔵 Қашықтан оқу форматына алғашында үйрене алмай жүрдік. Әсіресе, бізге, ата-аналарға, түсініксіз жайттар көп болды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының ата-аналарға арнап өткізген вебинарына қатысқаннан кейін біраз нәрсеге көзім жетіп, көкейімде жүрген сұрақтарыма жауап алдым.

🔴 Ақтау қаласының №13 гимназиясының 5Ә сыныбында оқитын қызыма қашықтан оқу үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Алғашқы күндері сабағын үзбей қадағалап, қарап жүрдік. Қызымның сабаққа белсенді қатысып, мұғалімнің берген тапсырмаларын қиналмай орындап жатқанына риза болдық. Қызым мұғалімдердің көрсеткен бейнесабақтарын қайталап қарап отырады. Көз тартарлықтай көркем әрі түсінікті дайындалған бұл бейнесабақтарды ұсынып отырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ екен.

🔷 Бейнесабақтар барлық интернет қолданушыларына қолжетімді болғандықтан, ата-аналарға да кіріп қарап шыққанның артықтығы жоқ. Кейде кейбір сабаққа балаларымыз түсінбей, бізден көмек сұрап жатады. Сондайда YouTube-тегі Өрлеудің білім арнасынан (https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g) сол сабақты тауып алып қарап шығуға болады.

♦️ «Өрлеу» БАҰО» АҚ мамандарына қашықтан оқыту кезінде көрсетіп жатқан қолдаулары үшін ризашылығымды білдіре отырып, жұмыстарына сәттілік тілеймін.

Жомарт Есенбайұлы.