Біліктілік арттыру курсының берері мол

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Біліктілік арттыру курсының берері мол

⚜️ Орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстары жалғасуда. Қыркүйектің 7-сінде қашықтан оқыту форматында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған курс басталды.

🔵 Пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатымен өтіп жатқан курс барысында тыңдаушылар «Жаңартылған оқу бағдарламасына кіріспе», «Жаңартылған оқу бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер», «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту», «Жоспарларды әзірлеу және түзету» тақырыптары бойынша кәсіби біліктіліктерін дамытуда.