Сандық білім беру ресурстары – сабақта

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Сандық білім беру ресурстары – сабақта

Қазіргі ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында оқушы назарын сабаққа аудару педагогтерден терең білім мен біліктілікті, үнемі ізденісте болып, өзін-өзі дамытып отыруды талап етеді. Ал бүгінгі таңдағы қашықтан оқыту форматында мұғалімдерге артылып отырған жауапкершілік өте зор екендігі белгілі. Осыған орай, ұстаздар қауымы оқу үдерісінде түрлі ресурстарды қолданып, оқушыларға сапалы білім беруге бар күштерін салуда.

Бүгін «Сандық білім беру ресурстары – сабақта» тақырыбымен өткен «Маңғыстау» телеарнасының «Түскі тақырып» бағдарламасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның YouTube-тегі Өрлеу білім арнасындағы сандық білім беру ресурстарының тиімділігі жөнінде айтылып, орта білім берудің барлық пәндері бойынша республика педагогтерінің оқу процесінде пайдалануы үшін дайындалған 5000-нан астам бейнесабақтар облыс педагогтерінің назарына ұсынылды.

Құрметті педагогтер!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының мамандары мен еліміздің озат тәжірибелі ұстаздарының дайындаған сандық білім беру ресурстарын қолданып, әр сабағыңызда нәтижеге жеткіңіз келсе, Өрлеу білім арнасына жазылыңыз.