Stem-білім беру – заман талабы

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Stem-білім беру – заман талабы

🔴 Білім беруге STEM технологиясын енгізу балаларға алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар өмірде қандай да бір математикалық формулалар мен физикалық заңдарды қалай қолдануға болатынын көре бастайды. Осының бәрі баланың зияткерлік мүмкіндіктерін ашады.
🔵 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ STEM-білім беруге ерекше көңіл бөліп келеді. Филиалдың ұйымдастыруымен «STEM-білім беру жағдайында оқушылардың сабақтан тыс жұмысын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Институттың STEM бойынша тренері Р.Ж.Нұрованың жетекшілігімен өткен семинарға Маңғыстау политехникалық колледжінен және аудан, қалалардың білім беру ұйымдарынан 26 педагог қатысып, біліктіліктерін арттырды.