Тыңдаушы пікірі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Тыңдаушы пікірі

⚜️ Бүгінде STEM-білім берудің маңыздылығына уақыт көзімізді жеткізіп отыр. Облысымызда STEM-білім беру бойынша педагогтердің кәсіби дамуына көмек көрсетіп отырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалындағы курстарға қатысу көптен бері ойлап жүрген мақсатым еді. Соның орайы келіп, жақында филиалдың STEM бойынша тренері Р.Ж.Нұрова өткізген «STEM-білім беру жағдайында оқушылардың сабақтан тыс жұмысын ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы қашықтан ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік семинарға қатыстым.
🔴 Семинарда STEM-білім беруде қолданылатын түрлі әдістемелік тәсілдермен таныстық. Семинар барысында қызықты тренингтер өткізіліп, зерттеу-танымдық әрекетті ұйымдастыруға арналған әдістемелер ұсынылды, сонымен қатар сабақ жоспарын тиімді етіп жасауды, оқушылардың ізденімпаздығын дамытуды меңгердік. Белсенді оқыту әдістеріне және пәндерді интеграциялауға негізделген қызықты тренингтер, ағылшын тіліндегі ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыратын жұмыстар болашақтағы нәтижелі жұмысымызға ықпал етеді деп ойлаймын.

Алия Серікқызы Төлегенова,
Мұнайлы ауданының
«№3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нің
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі