Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

🔷 Халқымыздың өткен тарихындағы қасіретті кезеңдердің бірі – ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы. Бұл зобалаңның қасіретін әрбір отбасы тартты.
2020 жылы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.
🔵 Бүгін Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшесі ретінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Э. І. Қалиева қатысты.
Комиссияның негізгі міндеті саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан ақтау болып табылады.
Жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету, оларды ақтау – баршамызға ортақ іс.