Айдың үздік қызметкері

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Айдың үздік қызметкері

⚜️ «Айдың үздік қызметкері» атағына қаңтар айының қорытындысы бойынша институттың Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Болатбек Толқынбекұлы Тәжібаев ие болды.

🔴 Болатбек Толқынбекұлы – «Білім беруде аддитивті технологияларды қолдану» бойынша және Қазақстан Республикасы көлемінде ІТ саласы, білім берудегі ақпараттық-комуникациялық технологиялар, білім ұйымдарын басқарудағы менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарын жүргізу тренері, «ҚР СТ ISO 9001-2016 талаптарына сәйкес ұйымның қолданыстағы сапа менеджменті жүйесін жақсарту» бойынша менеджмент жүйелерінің ішкі аудиторы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин медалінің иегері.

🔵 Ол – өзіне тапсырылған қандай жұмысты болсын асқан жауапкершілікпен орындайтын, өзіне қатаң талап қоя білетін ізденімпаз, шығармашыл, жаңашыл педагог. Оның өткізіп жүрген біліктілік арттыру курстарына педагогтер белсене қатысады. Курстан кейінгі қолдау шараларын да тиімді жүргізіп, тыңдаушыларымен үнемі тығыз байланыста болып, әдістемелік көмек көрсетуден жалыққан емес.

⚜️ Өз ісінің шебері, білікті маман, жаңалыққа жаны құмар шығармашыл педагог Б.Т.Тәжібаевтың еңбегіне табыс, отбасына амандық тілейміз.

🎉 Болатбек Толқынбекұлы, әрқашанда абыройыңыз арта берсін!