Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі

⠀«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Сыбайлас жемқорлық жəне онымен күрес проблемаларының өзектілігі» тақырыбында вебинар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге дамып, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес көптеген елдерде қарқынды жүргізілуде. Вебинарда еліміздің әрбір азаматының адамгершілік пен әділдікті ту етіп, сыбайлас жемқорлық тәрізді қауіпті кеселмен ымырасыз күрес жүргізуге тиіс екендігі айтылды.