Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалында бүгін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқан филиал қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте адам бойында оған қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде ойларын ортаға салды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бұл індетке қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.