Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалында бүгін «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау» тақырыбында семинар өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі.
Семинарда жас ұрпақтың бойына жемқорлыққа қарсы құндылықтар жүйесін қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде айтылып, құқықтық тәрбие мен білім беруге ерекше басымдық берілуі қажеттігі туралы ұсыныстар берілді.