Педагогтердің акт-құзыреттілігін зерттеу

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Педагогтердің акт-құзыреттілігін зерттеу

Бүгін осындай тақырыппен Ақпараттық талдау орталығының өткізген семинарына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері қатысып, Ақпараттық талдау орталығы мен ЮНЕСКО-ның бірлесіп қазақстандық мұғалімдердің АКТ құзыреттіліктеріне жасаған зерттеулерінің нәтижесімен танысты.

Ақпараттық-талдау орталығы педагогтердің АКТ құзыреттіліктерін дамыту бойынша мектеп мұғалімдерінің АКТ құзыреттіліктерінің қазіргі жағдайы және оларды дамыту қажеттілігін анықтау, АКТ бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын әзірлеу, мектеп деңгейінде АКТ құзыреттілігін дамыту стратегиясын дайындау, АКТ құзыреттілігінің ұлттық рамкасын құру, АКТ құзыреттіліктерін дамытуға баса назар аудара отырып, жоғары оқу орындарының білім беру және педагогикалық бағдарламаларын жаңарту, т.б. ұсынымдарын берді.

Филиалда осы ұсынылған бағыттар бойынша алдағы уақытта курстар өткізу жоспарлануда.