Облыстық «Үздік сынып жетекші» байқауы өтті

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Облыстық «Үздік сынып жетекші» байқауы өтті

Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс-шара жоспарына сәйкес өткен облыстық «Үздік сынып жетекші» байқауына сарапшы ретінде қатысып, байқауға қатысушылардың жұмыстарына сараптама жүргіздім. Білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілердің шығармашылық әлеуетін қолдау, имиджін көтеру мақсатында өткен байқауға аудандық, қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 21 педагог қатысты.

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі тренер ретінде байқау бойынша өз ойыммен бөлісе отырып, сынып жетекшісінің мәртебесін көтеру мақсатында шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерге өзімнің ұсыныстарымды жеткізгім келеді:

-Педагог өз жұмысын облыс көлеміне ұсынатын болғандықтан, оған үлкен жауапкершілікпен қарап, байқау ережесінің талаптарын ескере отырып, жұмысын жоғары деңгейде көрсетуі қажет.

-Ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалануда, бейнежазбаны дайындауда ұсынып отырған жұмысының мазмұнына, көркемдігіне, дыбыстың анықтығына, бейненің айқындығына, жарықтың біркелкілігіне назар аударуы керек.

– Мұғалімдердің тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамытып, жазылымға қойылатын талаптарды ескергендері жөн.

Байқау жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтай отырып, кәсіби шеберліктерінің шыңдала беруіне тілектестігімді білдіремін. «Өрлеу»-Маңғыстау филиалы сіздердің кәсіби дамуларыңызға әрқашан қолдау көррсетуге дайын.

Қибат Шайхатқызы Бақтиярова,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері