Педагог әліппесі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Педагог әліппесі

«Бағытталған оқу» тәсілі

Бұл тәсіл негізінде оқушы:

  • мәтіннен алған ақпаратты терең меңгереді;
  • мәтінді болжайды, берілген сұраққа сәйкес қиялдайды, талдайды, бағалайды,;
  • мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып сұрақтарға жауап береді;
  • өз болжамын шығармашылықпен жеткізеді;
  • болжамының сәйкес келуі, келмеуіне қарай ой-толғанысын білдіреді;
  • ұсынылған проблема, орындалған жұмыстар жөнінде өз ойына талдау жүргізеді;
  • таным әрекетін жүзеге асыруда сындарлы қарым-қатынас жасайды.

Тәсілді жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: мұғалім таныстыратын мәтінді төмендегідей өлшемдерге сәйкес алуы қажет:

  • мәтін аудиторияға таныс болмауы қажет (әйтпесе, қолданылған тәсіл мәні мен маңызын жояды);
  • оқиғасы қызықты, серпінді болуы керек;
  • күтпеген шешім, ашық сұрақпен аяқталуы керек.

2-қадам: мәтін алдын-ала ойдың аяқталуына қарай бөлініп қойылуы қажет. Мәтінді қай жерден үзу керек екені алдын ала белгіленіп қойылуы және қай жерде «аялдама» жасау керек екендігі анықталуы қажет: 1-аялдама, 2-аялдама, т.с.с.

3-қадам: мұғалім оқушылардың ойлау дағдысын дамытуға бағытталған әр түрлі сұрақтар мен мәтін бойынша тапсырмалар дайындап қоюы керек.