Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!

Сыбайлас жемқорлық – бүкіл әлем халқын алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі. Заманмен бірге дамып, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған бұл қауіпті кеселмен күрес біздің елімізде де қарқынды жүргізілуде.

Қоғамдық бақылау институттарының бірі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігімен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» атты кең ауқымды акциясын жариялаған болатын. Осы акция аясында «Өрлеу»-Маңғыстау филиалында түрлі шаралар өткізілуде.

Бүгін филиалда «Жемқорлық біз үшін емес!» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесте филиалдың әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма меңгерушісі Әбдібек Оразов білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі жөнінде, білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер жайында кеңінен мағлұмат берді.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта адами қалып-парасат биігінен көрініп, сыбайлас жемқорлық тәрізді қауіпті кеселмен ымырасыз күрес жүргізуге тиіспіз.