Соңғы қоңырау мерекесі құтты болсын!

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Соңғы қоңырау мерекесі құтты болсын!

Бүгін кең-байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, түлектерін үлкен өмір жолына шығарып салуда. Бұл сәт – ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де, түлектер үшін де жан толқытарлық сәт.

Жүректерін қуаныш пен қимастық сезімі қатар кернеген мектеп бітіруші түлектердің үлкен өмір жолына басқан қадамдарына сәттілік тілейміз! Ата-аналарының, ұстаздарының үмітін ақтап, жоғарғы жетістіктерге жетулеріне, дүниенің бір кетігіне кірпіш болып қаланып, өмірден өз орындарын табуларына шын жүректен тілектестігімізді білдіреміз!

Алдарыңнан ақ жол ашылсын, жас түлектер!

Игі тілекпен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымы